8 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Манап біліктілігін арттыру курсынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында 2026 жылғы 1 шілдеден күшіне енген Жаңа Конституцияның, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңындағы өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасындағы нормалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізіп, өзекті мәселелерімен таныстырды.
Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.





























