Жыл басынан бері «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының мамандары жол салу барысында қолданылған материалдардың сапасын анықтау мақсатында 83 мәрте тексеріс жүргізген. Жөндеу жұмыстары
басталған жол бөліктері мен жаңадан төселген асфальттан 287 сынама алынып зертханалық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде 103 сынаманың талапқа сай келмейтіні анықталды. Яғни, асфальтбетон қабатының қалыңдығы және тегістік талаптарының сақталмауы, битум эмульсиясының жеткіліксіз болуы, асфальттың шөгуі сынды кемшіліктер тіркелді. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар тарапынан орын алған олқылықтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.





























