«GOV BATTLE» зияткерлік ойыны

4

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Жетісу облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында «GOV BATTLE» зияткерлік ойыны өткізілді.

📌 Іс-шараға Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен құралған 12 команда қатысты. Зияткерлік сайыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту, белсенді азаматтық ұстаным мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту, қатысушылардың білім деңгейін арттыру және мәдени қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.

📌 Қатысушылар түрлі тақырыптарды қамтыған интеллектуалдық тапсырмалар мен логикалық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын, сондай-ақ командалық үйлесімділіктерін жоғары деңгейде көрсетті.

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының «DIGITAL JETISU» командасы;
🥈 II орын – Кербұлақ ауданының «Ойшылдар одағы» командасы;
🥉 III орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің «Салық қырандары» командасы иеленді.

👏 Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер жоғары интеллектуалдық дайындықтарын көрсетіп, командалық рухтың, бірліктің және кәсібиліктің үлгісін танытты. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметшілер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, кәсіби және тұлғалық дамуға оң ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз