«Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының офицері облыстық семинарда марапатталды

5

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының консультанты майор Н.Ерғазиев Жетісу облысы ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Көптілді ортада мемлекеттік тілді оқыту және тілдік кедергіні еңсеру жолдары» тақырыбындағы ашық облыстық семинарға қатысып, грамотаға ие болды.

Марапат майор Н.Ерғазиевтің мемлекеттік тілді дамытуға, оның қолданыс аясын кеңейтуге және тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін табысталды.

Аталған жетістік шекарашылардың қоғамдық және мәдени бағыттағы іс-шараларға белсенді қатысуының жарқын көрінісі болып табылады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз