ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әскери қызметшілердің балаларына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балаларға ойын-сауық және танымдық бағдарламалар ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталып, түрлі қызықты іс-шаралар өткізілді.
Мерекелік шара балаларға қуаныш сыйлап, отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























