ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы және жедел техникалық бөлім әскери қызметшілерінің балаларына арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар шекарашылардың қызметімен танысып, арнайы техникалар мен қызметтік құралдарды тамашалады. Сонымен қатар, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын танымдық және ойын-сауық бағдарламалары ұсынылды.
Шара балалардың қызығушылығын арттырып, әскери қызметке деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























