ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы Әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен Жаркент қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекелік іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында балаларға ойын-сауық бағдарламалары ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, тәрбиеленушілерге сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды.
Шара балаларға қуаныш сыйлап, мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын насихаттауға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























