Жаратушының берген сыйы – ұзақ ғұмыр кешіп, оны аса ғибраттылықпен өткізу әр пенденің пешенесіне жазылмасы анық. Ал, осындай айтулы өмірнамасымен ұлтымыздың өткен тарихындағы зұлмат кезеңдердің өшпес ізіндей болып, «жазулы тұрған хатпен тең» дейтіндей, шежіре тұнған қазыналы қарттарымыздың арамызда жүруі, әрине, қуантады.

Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздіктің 30 жылдығының  аясында аталып өтіп жатқан халықаралық әйелдер күнінде 100 жасқа жеткен әз ананы іздеп таптық.  Осы  2021 жылдың күзінде  өзінің 1 ғасыр немесе 100 жасын тойлайтын   Рәш Құлдыбай  кешегі мен бүгінгінің  көнекөз қариясы. Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылында тұрады.

Рәш анасына бүгінде қызы  Раиса қарап отыр. Ұлы Отан соғысының ардагері болған марқұм  Құрманғали  ата екеуі жеті баланы бағып – қағып өсірді.  Әрқайсысын үйлендірді. Әзиз ана сол ұрпағынан тараған немере,шөберелерінің ортасында. Немере келіндері бар, шөбересі қолынан су ішкендігіне шүкіршілік етеді. Ел Тәуелсіздігінің ұрпағына амандық, бақыт тілейді. Ғасыр жасына жеткен  Рәш апа  көне тарихтың кенішіндей,  ғибрат иесі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK