ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен капитан А.Мукашев «Жол ережесін сақтау» тақырыбында сұхбат өткізді.
Іс-шара барысында әскери қызметшілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлік құралын басқару кезіндегі жауапкершілік және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сұхбат жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттыруға және жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























