ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ МЕН ОЛАРДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ БАСТАЛДЫ

2

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, газ құбырлары мен олардағы техникалық қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуді бастады.

Талдаудың мақсаты осы тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау, бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем және монополиялық жағдайға ие субъектілерді анықтау, сондай-ақ мемлекеттің тауар нарығында болуының орындылығын бағалау үшін болып табылады.

Талдау аясында, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы не болмауы да анықталатын болады.

Бұдан басқа, талдау көрсетілген нарықта бәсекелестік ортаның дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтауға бағытталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз