Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі еліміздің негізгі туристік бағыттарының көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл жұмысқа автомобиль жолдарының сапасын кезең-кезеңмен жақсартуды, жол бойындағы сервисті дамытуды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуі кіреді. Жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде танымал демалыс аймақтарына баратын негізгі маршруттар нормативтік жағдайға келтіріліп, автокөлік ағынына дайын. Сонымен қатар, туристерге шипажайларға ыңғайлы әрі түсінікті жол нұсқаулығы қамтамасыз етілген.
Балқаш көліне автокөлікпен жетуге болады. Көлдің оңтүстік-шығыс жағалауына облыстық маңызы бар «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автомобиль жолы арқылы жетуге болады.
Алакөлге екі негізгі қозғалыс бағыты ұйымдастырылған: солтүстік жағалауға «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан «Таскескен – Бахты» жолы, одан әрі «Мақаншы – Қабанбай» маршруты бойынша кіруге болады. Ал көлдің оңтүстік жағалауына «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан соңғы жылдары реконструкциядан өткен және курорттық аймақпен сенімді көліктік байланысты қамтамасыз ететін «Үшарал – Достық» автожолы апарады.
ҚР Көлік министрлігінің ақпарат бойынша
Жазғы маусымдағы туристік аймақтардың көліктік қолжетімділігі





























