Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар нарығы

3

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, атап айтқанда: бірінші сұрыпты бидай ұнын, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанды, сүйекті сиыр етін, сондай-ақ жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балықты көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуді бастады.

Талдаудың мақсаты осы тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау, бәсекелестік деңгейін айқындау, сондай-ақ үстем және монополиялық жағдайға ие субъектілерді анықтау болып табылады.

Талдау аясында, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы не болмауы да анықталатын болады.

Бұдан басқа, талдау көрсетілген нарықта бәсекелестік ортаның дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтауға бағытталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз