Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

2

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы  бойынша білім бөлімі» ММ «Құрама үлгідегі №1 ясли-бақшасы», «Құрама үлгідегі №2 ясли-бақшасы», «№3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасы, «№4 ясли-бақшасы», «№5 Ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2015 жылғы №1095 Қаулысына сәйкес келмейді, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады.

Осыған байланысты Департамент анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар шығарды.

Қазіргі уақытта нұсқамалар толық көлемде орындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз