Жас суретшілерге куәлік табысталды

3

Көркемөнер галереясында Балалар көркемсурет мектебінің түлектеріне арналған салтанатты кеш өтті. Мектептің оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған жас суретшілерге арнайы куәліктер табысталып, олардың бірнеше жыл бойғы еңбегі мен шығармашылық ізденістерінің нәтижесі қорытындыланды.

Салтанатты кешке ұстаздар, ата-аналар, мәдениет саласының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Шара барысында мектеп директоры мен оқытушылар түлектерді құттықтап, олардың өнер жолындағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Өз сөздерінде ұстаздар шәкірттердің тек сурет салу шеберлігін меңгеріп қана қоймай, эстетикалық талғамы жоғары, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасқанын ерекше атап өтті. Кеш аясында 40 түлектің үздік шығармашылық жұмыстары қойылған арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрермендер жас қылқалам шеберлерінің еңбектеріне жоғары баға беріп, олардың шығармаларынан ұлттық нақыш пен заманауи көзқарастың үйлесімін байқады. Әсіресе табиғат көріністері, туған өлкенің тыныс-тіршілігі мен ұлттық құндылықтарды бейнелейтін туындылар көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Шара соңында түлектер ата-аналары мен ұстаздарына алғыстарын білдіріп, болашақта өнер саласында биік белестерді бағындыруға ниетті екендерін жеткізді. «Өзіміздің суретшілеріміздің композицияларынан нәр алып, нағыз өнерді тануға талпынайық. Туындыға жан бітіру үшін онда сенің шығармашылық шешімің, бояуың, түсің болуы шарт. Өзіңнің көңіл күйіңді сол картинаға бере алсаң ғана ол жанданып, нағыз өнер туындысына айналады. Әр шығарма жаныңның бір бөлшегі сияқты. Ол сол дәуірдің тынысын болашаққа жеткізуші»-деп атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз