Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-дармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысы мен алдағы міндеттер талқыланды.
Кеңес барысында үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғамды дамытудағы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтудағы рөлі атап өтілді. Сондай-ақ, әлеуметтік жобалардың сапасын арттыру, халықпен тиімді кері байланыс орнату және қоғамдық бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар саясаты, құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы түсіндіру жұмыстары, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, волонтерлік қызметті дамыту және қоғамдық келісімді нығайту бағытында жобалар іске асырылуда.





























