Бүгін Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева республикалық референдумда дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады.
Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева: «Референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын кезең. Сондықтан әр азаматтың өз таңдауын жасауы – үлкен жауапкершілік әрі азаматтық ұстанымның көрінісі», – деп атап өтті.
Осындай маңызды саяси науқанда әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі ерекше маңызға ие.
Еліміздің тұрақтылығы мен дамуы жолындағы маңызды шешімдер халықтың қатысуымен қабылданып, ел игілігіне қызмет ете берсін.





























