Ербол Оразбаев, Талдықорған қаласының тұрғыны:
— Бүгін ауа райы да тамаша, халықтың да көңілі жарқын. Барша қазақстандықтар қатарында талдықорғандық азаматтар да өз таңдауларын жасауда. Референдум – халықтың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндігін арттырады. Сондықтан референдум – халық пен билік арасындағы сенімді байланыстың көрінісі деп айтуға болады. Бүгін осы маңызды шараға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Әр қазақстандық жауапкершілікті сезініп, ел болашағы үшін дауыс береді деп ойлаймын.