2026 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 876,8 мың отбасы жалпы сомасы 114 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 629 мың отбасы 99,4 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 247,8 мың адам 14,6 млрд теңгеге қамтылды.
2026 жылғы ақпан айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 878,4 мың отбасы жалпы сомасы 57,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 630,6 мың отбасы 50,2 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 247,8 мың адамға 7,3 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2026 жылы:
— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 69 330 теңге;
— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 86 673 теңге;
— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 104 017 теңге;
— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 121 360 теңге;
— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
17 300 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
- «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе
27 680 теңге; - «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 32 005 теңге.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға артқанын атап өтеміз.





























