Ел дамуына бағытталған маңызды қадам

4

Жаңа Конституция халықтың сұраныстары мен ұсыныстары ескеріліп, елдің болашақ дамуына бағытталған маңызды құжат болып табылады. Бұл құжаттың өзегінде адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымас құндылығы жатыр, онда әрбір азаматтың теңдігін, заң алдындағы әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, жаңа Конституция демократиялық қағидаттарды нығайтып, билік тармақтарының теңгерімі мен жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұл мемлекет басқару жүйесін жетілдіруге, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға мүмкіндік береді. Конституцияда азаматтардың пікірін ескеру, олардың мемлекет өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау да маңызды орын алады. Осылайша, жаңа Конституция елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына берік негіз қалайды. Ол әділетті қоғам құруға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің болашақтағы тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Жұлдыз Біржанқызы, қала тұрғыны

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз