ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Панфилов аудандық филиалының оқытушылары Қырмызы Барият пен Айсұлу Бейсеннің қатысуымен қазақтың көрнекті саяси қайраткері, ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай «Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейхан» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Іс-шара барысында Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы мәліметтер беріліп, оның ел тарихындағы рөлі мен мұрасы кеңінен насихатталды. Кеш қатысушылардың тарихи танымын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























