Мерекеге арналған шара

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Қабанбай ауылында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға орта мектептің «Жас шекарашы» әскери-патриоттық үйірмесінің оқушылары қатысты.

Шекара басқармасының клубында ұйымдастырылған кеш барысында қатысушылар аналар мен аруларға арналған құттықтаулар айтып, мерекелік әндер мен шығармашылық нөмірлер ұсынды. Іс-шара мерекелік көңіл күй сыйлап, құрмет пен ізеттілікті дәріптеуге бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз