ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен Қабанбай ауылындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектепте ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Еркін Ақжол «Жас шекарашы» әскери-патриоттық үйірмесінің мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында курсант оқушыларға әскери қызметтің маңыздылығы туралы айтып, жоғары әскери оқу орнына түсу тәртібі мен өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар жастардың сұрақтарына жауап беріп, Отан қорғауға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған әңгіме өрбіді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























