ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Қазақстан батальонының Тәжікстан аумағынан шығарылуының 25 жылдығына орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ардагерлерді құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық рухын арттыру және тарихи жадыны сақтау.
Кешке Ауған және Тәжікстандағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер қатысып, ерлік жолдары туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, патриоттық әндер орындалды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























