ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасына қарасты «Нұр жолы» (жүктік) шекаралық бақылау бөлімшесінде жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында профилактикалық шара өткізілді.
Іс-шара барысында қызметтік тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























