Жетісу облысында студенттердің қатысуымен ашық сот процесі өтті

4

Жетісу облысында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерінің қатысуымен ашық сот отырысы өткізілді. Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылып, өңірдегі түрлі білім беру ұйымдарының студенттерін кеңінен қамтуға мүмкіндік берді.

Сот отырысы барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшішлік құқық бұзушылық жасаған азаматқа қатысты іс қаралды. Сот процесі ашық түрде өтіп, барлық процессуалдық талаптар мен заң нормалары сақталды.

Онлайн форматта өткен сот отырысына облыстағы 1 жоғары және барлық 27 орта арнаулы оқу орнының 15 000-нан астам студенті қатысты. Қатысушылар сот  отырысының өту тәртәбін тікелей бақылап, сот процесінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ судья мен прокурордың қызметінмен танысуға мүмкіндік алды.

Осындай іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Сот процесімен көзбен көріп танысу қатысушыларға заң талаптарының маңызын және құқық бұзушылықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық сот отырыстары сот жүйесіне деген сенімді арттырып, құқықтық мәдениетті нығайтуға және жас ұрпақтың заң талаптарына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз