ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Арасан» шекара бөлімшесі Арасан ауылының орта мектебінің жас шекарашыларына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған тағылымды кеш пен «Жоғары әскери оқу орнына түсу бойынша үгіт-насихат» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға Әлия Молдағұлованың ерлігі мен отансүйгіштік рухы кеңінен насихатталып, сондай-ақ әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, талаптары мен болашақ мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























