ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Екіаша» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары, аға лейтенант Ә. Оразмолда Екіаша орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Әскери жоғары оқу орнына түсу» тақырыбында үгіт-насихат сұхбатын өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға әскери мамандықтың ерекшеліктері, жоғары әскери оқу орындарына қабылдау талаптары, оқу үдерісі мен болашақ қызмет мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беріліп, жастардың сұрақтарына нақты жауаптар айтылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























