Ұлттық құрылтайдың Үшінші отырысында Мемлекет басшысы қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру туралы бастама көтеріп, 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілген болатын. Ал, бүгінгі жиында Алматы мен Астанада президенттік кітапханалардың құрылысы басталатындығын тілге тиек етті. Әбіш Кекілбаев “Адамды адам еткен-кітап, адамзат еткен –кітапхана” дейді. Өткеніміз бен бүгінімізден, өркениетімізден сыр шертер рухани байлықтың бастауы осынау асыл қазынамыз өзінің құндылығын жоғалтқан да, жоғалтпақ та емес. Оған тағы бір мәрте көзіміз жеткендей болды. Тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптер нысандар қатары арта берсін.
Аймарал Дәулетбек, қала тұрғыны





























