Театр ұжымы сауапты іске үлес қосты.

 Құрбан айттың қарсаңында театр ұжымы өз қуанышты жаңалықтарымен әлеуметтік желіде бөлісті.  Бикен Римова атындағы драма театрының қолдауымен 2013 жылдан бері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» қайырымдылық мақсатта салым салынып отырған болатын.

 Бүгінде қордағы қаражатқа «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі Надежда Васькинаға баспана  алу бақыты бұйырды. Үміті ақталған Надежда театр ұжымына отағасы Сәкен мен ұлы Аңсармен арнайы келіп алғысын білдіріп, сыйға бөленіп қайтты. Мәдениет ошағының қызметі сахнада шектелмей, қайырымдылық шараларда бой көрсетіп жатқаны біз үшін биік мәртебе. Өнер ұлтқа бөлінбейтіні сияқты, мейірімге зәру жандар да ұлт-нәсілге бөлінбесі анық. Жылаған көзді жұбатып, жыртық көңілді бүтіндеу — біздің адамзат алдындағы борышымыз. Бұл сауапты іс өскелең ұрпаққа үлгі ретінде жалғасын тауып, дәстүрге айналады деген сенімдеміз

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK