«ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

4

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы — Алтынкөл станциясы әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.

Аталған бұзушылықтар жекелеген нарық субъектілеріне жеңілдіктер немесе өзге де артықшылықтар беру бөлігінде анықталды. Соның нәтижесінде кәсіпорын бұл субъектілерді бәсекелестеріне қатысты артықшылықты жағдайға қойып, мүлікті жалға алу шарттарын жасасу кезінде қызмет жүргізу үшін қолайсыз жағдайлар қалыптастырған.

Анықталған бұзушылықтар негізінде Департамент тарапынан тиісті хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта хабарлама шарттар бойынша міндеттемелерді өзгерту арқылы қосымша келісім жасасу жолымен орындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз