Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте жоғары мәдениетін қалыптастыруға және әдепсіз мінез-құлық жағдайларын алдын алуға бағытталған.
Кодексте мемлекеттік қызметтің этикалық принциптері анықталған. Атап айтсақ, олар: Адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер республика халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге бармауға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызмет қолайлылығын пайдаланбауы тиіс.
Әдеп кодексінің талаптарын сақтау лауазымы мен жұмыс өтіліне қарамастан барлық мемлекеттік қызметшілері үшін басты міндет болып табылады.
Садырқұлов Ербота Ғабитұлы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.