23 мамырдың таңғы статистикасына сәйкес, Қазақстанда тағы 322 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. COVID-19 жұқтырудың бұл деректері кеше түнгі уақытқа дейін тіркелген. Нәтижесінде, республика аумағында қауіпті індетке шалдыққандардың саны сегіз мыңға жуықтап қалды деп хабарлайды дереккөздеріне сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz .

Еліміз бойынша вирус жұқтыру өсімі 4,2%-ды құрады. Бүгінде мемлекет аумағында коронавирус инфекциясы 7919 адамнан анықталды. COVID-19 диагнозы елорда, екі мегаполис пен 12 өңір тұрғындарынан расталып шықты. 22 мамыр күні жұқтырудың ең көп дерегі қос астанада тіркелді. Коронавирус инфекциясы елорданың 83 тұрғыны мен 66 алматылықтан табылды. Нұр-Сұлтанда өсім 5,7%, болса, Алматыда — 3,3% құрады. Шымкент қаласында өткен тәулікте қауіпті вирусты 34 адам жұқтырды. Еліміздің үшінші алып шаһарындағы өсім көрсеткіші — 6,3%.

Төменде қалған өңірлердегі статистиканы келтірдік: Қарағанды облысы – 42 (9,8%) Жамбыл облысы – 20 (8,7%) Алматы облысы – 16 (6,1%) Түркістан облысы – 15 (5,7%) Ақтөбе облысы – 10 (4,1%) Батыс Қазақстан облысы – 10 (2,8%) Ақмола облысы – 3 (2,1%) Атырау облысы – 16 (1,9%) Қостанай облысы – 2 (1,8%) Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,7%) Қызылорда облысы – 3 (1,1%) Павлодар облысы – 1 (0,6%).

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK