XV ғасырлық тарихы бар алтын шаһар

215

Жерұйық атанған Жетісу өлкесі-шежіреге, өнегеге, дәстүрге бай. Орталығы-Талдықорған қаласының төл тарихына үңілсек, оның тереңде жатқанына көз жеткіземіз. Онда дәуір тарихымен қатар салт-дәстүріміз, ұлттық болмысымыз көрініс тапқан.

«Қазақстан энциклопедиясының» 9-шы томында келтірілген мағлұматтағы картада Ұлы Жібек жолы Екіөгіз қаласының маңында Шайқорған, кейінде Талдықорған атанған керуен бекеті көрсетілген. Сондықтан Жетісудың орталығы-Талдықорғанның тарихы V-VI ғасырлардан бастау алатындығына негіз бар. Қазақтың тұңғыш археологы, ғалым ежелгі ғұндардың қазақ тарихымен тұтастығын айғақтап кеткен Әлкей Марғұланның еңбегінде бұдан 2-3 мың жыл бұрын қазақ даласындағы, оның ішінде Жетісудағы қалалардың, дамыған өркениеттің болғандығы айтылады. Облысымызға танымал ардагер ақсақал Далбағаев Егеубек Даданбайұлы кезінде газетімізге берген сұқбатында «1869 жылға дейін де Гавриловка селосының орнында Талдықорған елді мекені болған дедік қой. Ал, қызық болғанда, Гаврилов деген орыс жер өлшейтін маман екен. Осы біздің Шайқорғанның маңайында тұрса керек. Оның қызметін қажет етіп іздегендер «Гаврилов қайда?» деп жүріп, ол тұратын ауылды Гаврилов атап кеткен»,- дейді. Иә, тарихты қолдан жасай алмайсың. Таңба басқандай шындық – ұлтжанды азаматтардың ұрпаққа қалдырған еңбегінен көрініс тауып, тәуелсіздіктің айшықты бетінде андағайлап тұр. Тамырын тереңнен алған сулы да нулы өлкеміздің түрлі саяси өзгерістерді басынан өткере отырып, бүгінге жеткен жетістігін ұрпаққа қалдыру сіз бен біздің еншімізде.

Қала күні құтты болсын, ағайын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз