Ауылдарды қаламен қатар дамыту қажет

346

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілов қала ардагерлерімен кездесу өткізді. Жиналған қауым алдында сөз алған шаһар басшысы алдымен өзін таныстырып, қаланың дамуына қатысты тың жоба-жоспарларымен бөлісті.

— «Бүгінде Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда 200 мыңнан астам халық тұрады. Олардан күнделікті білім мен денсаулық, спорт пен мәдениет, ауызсу, жол, жарық, жылу, баспана және  газ желілерін тартуға қатысты түсетін сауалдар аз емес. Осыған байланысты, бірінші кезекте біз бұрын орын алған олқылықтарды жойып, халықтың мақсат мүдесіне саятын маңызды мәселелерді дер кезінде шешуіміз тиіс. Сонымен бірге аймақтағы   елдімекендермен саяжайларға баса көңіл бөліп, оларды қаламен қатар дамту жоспарда. Сондай-ақ, қала көшелеріндегі сауда-саттықты ретке келтіріп, саудагерлердің заңды түрде жұмыс жасауына бар мүмкіндіктер қарастыру көзделген. Бұл бағытта алдымен аймақтағы ірі сауда сарайларының және бірқатар кәсіпорын басшыларымен кеңесіп, жұмыссыздыққа жол бермеудің қамы жасалуда», — деді Ернат Дүйсенбекұлы.

Осыдан соң жеке-жеке сөз алған ардагерлер өздерінің құнды ой-пікірлерін айтып, әкімнің қызметіне табыс тілеп, қашанда ағалық ақыл-кеңестерін беріп, жол нұсқауға дайын екендерін білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз