Қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?

227

Мобильді аударымдарды тексеру басталады

Қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді. Биыл тексеру үшін негіз ретінде үш айда 1 миллион теңгеден асатын шекті мөлшер енгізіледі.

Кім тексеріледі?

Үш айда әртүрлі ақша аударатындардан жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден (немесе 12 ең төменгі жалақыдан — ЕТЖ) асатын 100-ден артық аударым алатын жеке тұлғалар тексеріледі.

Бақылау қалай жүргізіледі?

Банктер белгілі бір уақыт аралығында мобильді аударымдарының саны мен көлемі белгіленген критерийлерден асатын жеке тұлғалар туралы мәліметті мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

Одан кейін салық органдары алынған ақпаратты талдайды.

Шекті мөлшерден асқан жағдайда салдары қандай болмақ?

Кәсіпкерлік қызмет белгілері анықталған кезде мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаға анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны орындау үшін оны алған (тапсырған) күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні беріледі.

Хабарламаны орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда салықтық тексеру тағайындалады.

Жылжымайтын мүлік иелері үшін үш жаңа төлем енгізіледі

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлік (пәтерлер, автотұрақ орындары, қоймалар) иелері үшін үш міндетті төлем енгізіледі:

  • ағымдағы (ай сайынғы күтіп-ұстауға арналған);
  • жинақтаушы (болашақ күрделі жөндеуге арналған);
  • мақсатты (жоспардан тыс жұмыстарға арналған).

Бұл төлемдер бұрынғы жүйенің орнын басады, ал қаражат әр үй үшін бөлек шоттарда жинақталады. Төлем мөлшері жылжымайтын мүліктің ауданына байланысты меншік иелерінің жалпы жиналысында белгіленеді, бірақ мәслихат бекіткен ең төменгі тарифтен төмен болмауға тиіс.

Әскерге шақырудың жаңа ережелері

Қыркүйектен бастап әскерге шақыру жаңа тәртіппен жүргізіледі. SMS-хабарламалар дәстүрлі шақыру қағаздарына теңестіріледі.

Шақырылғандар белгіленген күнге дейін 3 күн бұрын SMS-хабарлама алады. Онда шақырылушы көрсетілген мекенжай бойынша әскери комиссариатқа медициналық тексеруден өту үшін келуі керек екені жазылады. Медициналық тексеруден кейін шақыру комиссиясы шешім қабылдайды. Сондай-ақ SMS-хабарлама eGov порталының пайдаланушы кабинеті арқылы да жіберілуі мүмкін.

Биыл күзгі әскерге шақыру 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін өтеді.

Жолдау – бұл Президент мемлекеттік аппаратқа маңызды мәселелерді көтеріп, тапсырмалар беретін бағдарламалық құжат. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдағы Жолдауда елдің экономикалық және әлеуметтік саясатының «ең маңызды мақсаттары мен міндеттері» айқындалады.

Пәтер сатып алу ережелері жаңарды

31 тамыздан бастап үлестік қатысу арқылы құрылысқа қатысу ережелері күшіне енді.

Енді салынып жатқан үйдегі үлеске төлем жасау тек банк арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен жүргізіледі. Сонымен қатар, үлестік қатысу туралы келісім бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркелмейінше төлем жасауға болмайды.

 

Сондай-ақ алдын ала келісімшарттар жасауға немесе салынып жатқан объектілердегі пәтерлерді немесе үйлерді заңды айналып өтіп сатып алуға болмайды.

Банк пен ипотека беретін ұйымдарға құрылыс салушыда үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты немесе үлестік қатысу кепілдігі болмаса, салынып жатқан үйлерден баспана алуға несие беруге тыйым салынады. Сонымен қатар, уәкілетті компаниялар халықаралық рейтингі «B+»-тен төмен емес банктерде шетел валютасында шот ашуға міндетті.

Сонымен қатар, инженерлік компаниялар ай сайын құрылыс барысы туралы есепті әкімдікке және бірыңғай операторға (немесе банкке) ұсынуға тиіс. Көпқабатты үй немесе тұрғын кешенді тапсыру мерзімі жобалық құжаттамада көрсетілген күннен бес айдан аспайтындай мерзімге шегерілуі мүмкін. Егер кепілдік шарты мерзімінен бұрын бұзылса, кепілдік жарнасының бір бөлігі кепілдік мерзімінің қалған уақытына пропорционалды түрде құрылыс салушыға қайтарылады. Бірақ бұл барлық үлескерлерге қаражаттары толық қайтарылғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Білім беру саласындағы өзгерістер

Қыркүйекте білім беру саласында өзгерістер күтіп тұр. Атап айтқанда, мектептегі тамақтануға деген көзқарас өзгереді, ал бірінші сынып оқушыларының демалысы көбейеді.

 

Жаңа мектептік тамақтану стандарты

1 қыркүйектен бастап мектептегі тамақтанудың жаңартылған стандарты енгізіледі. Ол ас мәзіріндегі қант, тұз және қайта өңделген өнімдер мөлшерін азайтуға, сондай-ақ көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, ақуыз және сүт өнімдерінің үлесін арттыруға бағытталған.

Өзгерістер ауруханалардағы тамақтануға да қатысты болады. Күздің басынан бастап мұнда төрт реттік тамақтану тәртібі, қажет болған жағдайда алты реттік тамақтану енгізіледі. Генетикалық түрлендірілген өнімдерді, механикалық әдіспен сүйектен ажыратылған құс етін және коллаген бар шикізатты қолдануға тыйым салынады.

Каникулға қашан шығамыз?

Оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйектен 2026 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.

  • 1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан 2 қарашасына дейін);
  • 2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін);
  • 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурызы аралығы);
  • 4-тоқсан – 8 оқу аптасы. Жазғы демалыс 26 мамырда басталады.
  • Бірінші сыныптарда қосымша демалыс қарастырылған – 7 күн (2026 жылғы 9-15 ақпаны аралығы).

Техникалық мамандықтар бойынша тегін оқу

2025 жылдан бастап Қазақстандағы барлық кәсіби-техникалық колледждер сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл колледждердегі мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға көп. Мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да техникалық мамандықтарға бағытталады.

Шамамен 10 мың студент кәсіпорындардың өтінімдері бойынша білім ала алады, бұл жұмыс істеп тұрған экономикалық секторға кадрларды нысаналы даярлауды қамтамасыз етеді.

Қылмыстық кодексте жаңа баптар

Жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» – Қазақстанның Қылмыстық кодексінде 16 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

 

Анықтама: Сталкинг – тұлғаның келісімінсіз онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлықпен байланысты емес, айтарлықтай зиян келтіретін заңсыз қудалау.
Бұл бап бойынша қылмыстық қудалау нақты зиян болған жағдайда қолданылады – мысалы, жеке өмірге қол сұғу, қозғалу еркіндігін шектеу немесе психологиялық қысым.

Бұл бап бойынша жазалау 200 АЕК-ке дейінгі айыппұлды (2025 жылы 786 400 теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмысын, немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартуды, немесе 50 тәулікке дейін қамауды қарастырады.

Егер сталкинг зорлық-зомбылықпен, қорқытумен, бопсалаумен және жеке тұлғаға қарсы басқа құқыққұзушылықтармен қатар жүрсе, әрекеттер Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша қосымша сараланады.

Сондай-ақ 16 қыркүйектен бастап Қазақстанның Қылмыстық кодексінде ата-аналардың және қамқоршылардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер күшіне енеді.

Енді балаларын жеңіл шапалақ немесе белдікпен ұрған ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

14 қыркүйектен бастап Қазақстанда әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру, оның ішінде лазермен ұшқыштарды соқыр етуге әрекет жасау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі (352-1-бап – «Әуе кемесін басқаруға кедергі жасау»).

 

Лазер сәулелері шынымен қауіпті, олар ұшқышты соқыр етуі немесе уақытша көру қабілетін жоғалтуына әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе ұшақтың ұшуы мен қонуы кезінде қауіпті.

Осы бап бойынша жазалау салдарына қарай айыппұлдан немесе қамауға алудан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылады.

Жақында Алматыда ұшаққа жасалған «лазерлік шабуылды» видеоға түсірген.

Жеке кәсіпкерді міндетті тіркеу шегі өзгереді

15 қыркүйектен бастап жеке кәсіпкер ретінде міндетті тіркеу шегі 12 ЕТЖ-ден (2025 жылы 1 020 000 теңге) 360 АЕК-ке (2025 жылы 1 415 520 теңге) өзгереді.

Міндетті тіркеу жылдық табысы 360 АЕК-тен асқан жағдайда немесе жалдамалы қызметкерлерді пайдаланғанда талап етіледі.

Жалдамалы қызметкерлерді пайдаланбайтын жалға берушілердің табысы 12 ЕТЖ-ден асып кетсе де, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы. Алайда олар табысы мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысаны) келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырып, жеке табыс салығын 25 қыркүйекке дейін 10 пайыз мөлшерінде төлеуге тиіс.

Әкімшілік жаза түрінің жаңа түрі пайда болады

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің бірқатар бабы бойынша айыппұлдарға балама ретінде қоғамдық жұмыстарды енгізетін жаңа жаза түрі енгізіледі, оған қоғамдық орындарды ластауды, ұсақ бұзақылықты және басқа да құқық бұзушылықтарды жатқызады. Бұл жаңалық тәртіпті күшейтуге және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

 

Қоғамдық жұмыстарға абаттандыруға арналған жұмыстар жатады, мысалы, көшелерді немесе саябақтарды тазалау.

Қоғамдық жұмыстарға кімдер тартылады:

  • жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция көлігін қайталап өткізбеген жүргізушілер;
  • Жаяу жүргіншілер мен самокатшылар, жол жүру ережелерін жүйелі түрде бұзатындар;
  • ұсақ бұзақылық жасағандар, қоғамдық орындарды ластағандар немесе қоқыс тастағандар.

Сондай-ақ қоғамдық жұмыстар тағайындалады:

  • тәртіп сақшыларының талаптарына бағынбау;
  • қоғамдық орындарда мазалау;
  • жедел қызметтерді әдейі жалған шақыру;
  • қоғамдық орындарда алкоголь ішу жағдайларында.

Қоғамдық жұмыстар тек құқық бұзушының келісімімен сот арқылы тағайындалады. Құқықбұзушылар жұмыстан және оқудан бос уақытта күніне 1–4 сағаттан қоғамдық жұмыстарға тартылады. ІІМ қоғамдық жұмыстарға тартылған құқықбұзушыларды «Қоғам алдындағы борышын өтеп жатыр» деген жазуы бар жилеттер киюге міндеттеуді ұсынды.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз