Жетісу облысы бойынша 28 маусым таңғы сағат 06:00-де Құрбан айт намазы оқылады

1163

Биыл Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді. Бұл туралы ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесінде жарияланды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары басқармасының Жетісу облысы бойынша Бас имамы Алмас Данағұлов, Жетісу облысының санитралық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов пен облыстық Ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің бас маманы Мұрат Тлеубаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баяндады.

«Жетісу облысы бойынша 28 маусым таңғы сағат 06:00-де Құрбан айт намазы оқылады. Айт намазы оқылып болғаннан кейін, құрбандық шалу рәсімі басталады. Құрбандықты айттың үш күні шалуға рұқсат», — Алмас Сағидоллаұлы.
Баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мереке қарсаңында кейбір санитариялық-эпидемиологиялық шараларын сақтауды сұрады. «Құрбандыққа шалынатын малдарды сібір жарасы, бруцеллез, листериоз сияқты әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында ветеринариялық анықтамасы бар арнайы сату орындарында сатып алу қажет. Арнайы сою пунктерінде немесе бөлінген арнайы алаңдарында мал союды жүргізіп, сондай-ақ, жаппай тамақтан улануды болдырмау үшін мешіттерде еске алу түскі астарын тек қатымхана бар жерде өткізген жөн. Осы қарапайым гигиеналық нұсқауларды сақтаудың арқасында Құрбан айт мерекесін ойдағыдай және денсаулыққа зиян келтірмей өткізуге болады», — деді Самат Махаббатұлы.
«Келе жатқан Құрбан айт мерекесі аясында мал иелеріне, мал сою пункттері, мал сою алаңдарына жадынама таратып, профилактикалық әңгіме жүргізіп, мал сою шаралардың Заң талаптарын сақталуын түсіндіру. Облысымыздағы 33 арнайы мал сою орындарында малдардың сойылуын қадағалау және ұйымдастыру, құрбандық шалатын орын және қасапшыларды арнайы киіммен және керекті жабдықтармен қамтамасыз ету, сою орындарды ветеринарлық-санитарлық талапқа сай ұстау, мал сатылған және сойылған орындарды тазарту, дезинфекция жұмыстарын жүргізу, қала, аудандық ветеринариялық станция басшылырына тапсырма берілді. Облыстық дін басқармасы мен ветеринария басқармасы келісім шешімімен облыс орталығы Талдықорған қаласы бойынша Еркін ауылдық округіне қарасты 3- бөлімше, «Аманбаев» шаруа қожалығының аумағында ауылшашылық малдарын сатушылары мен құрбан шалушы азаматтарының мал союға барлық талаптарға сай келуіне байланысты мал құрбан шалу орны болып бекітілді», — деді Мурат Михаилұлы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз