Талдықорғанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7,4 км арық желісі салынады

188

Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында арық жүйелерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл облыс орталығында 7,4 шақырым арық желісін жаңадан салу жоспарланған.

Қазіргі уақытта қаладағы арық жүйесінің жалпы ұзындығы 374,6 шақырымға жетіп отыр. Оның 195,8 шақырымы лотокты каналдарда, ал 178,8 шақырымы ашық жер үсті арналарда орналасқан. Сонымен қатар, қала аумағында 710 арық өткелі бар.

Жаңарту жұмыстары бойынша «Евразия Инвест Строй» және «DILIGENT01» мердігер ұйымдарымен тиісті келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталды. Бүгінгі күні Балпық би көшесінде 40 метр болатын арық желісі салынды. Арық желілерің салу жұмыстары жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Еске салсақ, өткен жылы да осы бағыттағы жұмыстар нәтижелі жүзеге асты. Атап айтқанда, 1,8 шақырым суару арналары жаңартылып, 7,8 шақырым болатын арық желісіне ағымдағы жөндеу жүргізілген болатын. Бұл жұмыстар Медеу, Желтоқсан, Райымбек, Қабанбай батыр, Жалайыри, Тынышбаева көшелерімен қатар автобекет маңында жүзеге асқан еді.

Нәтижесінде, бірнеше көшеге арық суы жеткізіліп, жалпы арық жүйесінің ұзындығы 18,7 шақырымға ұлғайған болатын.

Айта кетейік, қала аумағындағы арық желілері арқылы су өткізу межесі 22% -дан асқан болса, ал бүгінде жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесінде бұл көрсеткіш 70%-ға жетті.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз