Құрметті «Қазпошта» клиенттері!

Күн сайын коронавирусты жұқтырған қазақстандықтардың саны өсіп келеді. Оны бәріміз күнделікті естіп, біліп жатырмыз. Үкімет инфекцияның бүкіл елге таралуын тоқтату үшін қажетті шараларды қабылдауда. Қазір Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында  карантин жарияланды. Көптеген қызмет түрі  қашықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді.

 «Қазпошта» —  халықтың ең осал бөлігі — зейнеткерлерге қызмет көрсететін болғандықтан  барлық қауіпсіздік шараларын қолдануда.  Қазір клиенттеріміздің, соның ішінде  зейнеткерлер саны 1 000 000-ға жетіп қалды.

Біз  2020 жылдың 30 наурызы  мен 5 сәуірі аралығында Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 88 және № 169 бірлескен бұйрығы негізінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бөлімшелерімізде барлық қаржылық қызметтерді көрсетуді тоқтататын болдық.

Осыған байланысты, уақтылы төлемдерін алу үшін біз зейнеткерлерді ағымдағы шоттардан төлем карталарына көшіру жұмыстарын жүргізудеміз. Осы демалыс күндері біз зейнеткерлерімізге қажетті кеңестер беріп, оларға өтініш толтыруды және карталарды қалай пайдалануға болатындығын түсіндірудеміз.

Картаны ала алмаған клиенттеріміздің зейнетақылары   үйлеріне жеткізілетін болады. Біздің 80 жастан асқан және шалғай ауылдарда тұратын зейнеткерлерге зейнетақыларын үйлеріне дейін жеткізіп беру тәжірибеміз мол.

Сонымен қатар, клиенттеріміздің ағымдағы шоттарына аударылатын жәрдемақыларын да  үйлеріне дейін жеткізіп береміз.

Төлем карталарының көмегімен дүкендердегі тауарлардың, дәрі-дәрмектердің, коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге, post.kz порталында пошта қызметтерін алуға болады. Айтпақшы, Қазпошта мен Халық банкінің банкоматтарынан картаңыздағы ақшаны ақысыз алуға болады.

Құрметті клиенттер, бұл сіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін, пошта бөлімшелеріне барып, көптеген халық арасында жүруді және вирустың тасымалдаушысы бола алатын қолма-қол ақшамен байланыста болуды болдырмау үшін жасалған шаралар.

Өздеріңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз. Біз барлық сұрақтарға әлеуметтік желілер, чат-бот, байланыс орталығы арқылы тәулік бойы жауап беруге дайынбыз.

https://www.facebook.com/100018798374982/posts/547896592513615/ — «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасының парақшасындағы ақпарат.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK