Күллі әлемге тарап жатқан коронавирус індеті көптің көкейінде үрей тудырғаны анық. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге төтенше жағдай енгізіп, аталмыш инфекцияның таралып кетпеуі үшін арнайы үндеу жасаған болатын.

Президент өзінің мәлімдемесінде бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдағандығын атап өтті. Қазақстан Республикасының аумағына кіруге және шығуға шектеу қойды. Санитарлық режимді күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді. Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест-жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінгендігіне де тоқталды. Яғни, мұның барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар деп білемін.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтып, халықты сабырға шақырды. Одан бөлек, азық-түлік қоры жеткілікті екенін елдің назарына салды. Күнделікті тұтынатын тауар бағасы негізсіз қымбаттамайды деп сендірді.

Иә, Президент айтпақшы, бұл – уақытша дүрбелең. Тек, әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аманжол Жазықбаев,

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK