Көпке мәлім осыдан бірнеше күн бұрын Семей өңірінде айтып келмейтін алапат өрт оқиғасы орын алып, қыруар шығын әкелді. Тілсіз жауды тізгіндеу барысында қызыл жалын біраз адамдардың жанын жалмап, бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған қайғы әкелді. Көп өтпей апат болған аймаққа арнайы барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырмалар беріп жағдайды өз бақылауына алды. Сондай-ақ, ел Президенті күйзелген жұртқа көңіл айтып 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп белгіледі.
Бұл күні күллі халық марқұм болған боздақтарды қайғыра еске алып, көңіл күйзелістерін білдірді. Осы орайда менде 15 мыңнан астам жан саны бар Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылының тұрғындары атынан және өз атымнан өрт салдарынан ерлікпен қаза тапқан отандастарымыздың отбасы мүшелерінің, жан ашыр жақындарының қайғысына ортақтаса отырып шынайы көңіл айтамын. Еліміз аман, жеріміз тыныш болғай! Ендігі әрі мұндай қасірет қайталанбаса екен деп тілейміз. Бірлігі бекем ел озады. Күннің жаманы кетер, алдағы уақыт жақсылықтарымен жарылқасын! Біз тек күш біріктіру арқылы барлық қиындықтарды жеңе аламыз. Алла баршамызға сарқылмайтын сабыр берсін!
Жаннұр Әбішев,
Өтенай ауылдық окургінің әкімі.