Старшина Қуаныш Боранбаевты зейнетке шығарып салу рәсімі өтті

288

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ұзақ жылдық абыройлы қызметінен кейін зейнеткерлікке шыққан старшина Қуаныш Боранбаевты құрметпен шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шара барысында Қуаныш Боранбаевтың шекара қызметіндегі сіңірген еңбегі мен үлгілі қызмет жолы ерекше атап өтіліп, әріптестері мен басшылық өкілдері жылы лебіздерін білдірді. Ұжым атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл салтанатты рәсім шекарашы ардагерлерге деген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісі болды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз