ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Әйелдер кеңесі «Алмалысу» шекара бөлімшесінде болып, мерзімді әскери қызметшілермен кездесу өткізді. Кездесу барысында сарбаздардың қал-жағдайы сұралды, қызмет пен тұрмыс жағдайына назар аударылды. Кеңес мүшелері жауынгерлерге рухани қолдау көрсетіп, ақжарма тілектерін білдірді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті





























