Абай облысындағы өрт салдарынан Жетісу облысындағы бірнеше аудан аумағын қалың түтін басты.
Абай облысындағы өрт салдарынан Жетісу облысындағы бірнеше аудан аумағын қалың түтін басты. Бұл туралы Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында хабарлады.
«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысындағы бірнеше аудан аумағын қалың түтін басты. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска тағуларыңызды сұраймыз», – делінген ТЖД хабарламасында. Сондай-ақ ТЖД өкілдері тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берген.