Өз ісіне адалдық  

244

Президент   Қасым-Жомарт Тоқаев :«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрыллтайда  және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз  қарапайым   еңбек адамына  құрмет көрсетуіміз керек. адам. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы  атқару  маңызды.  Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс  болады».

Айналасының таза болуына аула сыпырушылардың қосар үлесі мол. Олар жыл мезгілінің кез келген күнінде аула мен онда өсіп тұрған әрбір ағаш пен гүлдің өсуіне ерекше күтім жасайды. Тазалық пен әсемдікке үнемі көңіл бөліп келе жатқан  Айдос Нұрмұхамбетұлы  Еркін ауылдық әкімдігінде еңбек етеді.

«12 жылдан аса уақыт аула тазалаушы болып  еңбек етіп келемін. Көктемгі — жазғы уақытта әкімшілік аумағының көгалдандыру, суғару, шөбін шабу, тазалығын сақтау —  міндетім. Қысқы уақытта аумақтың қарын күреп, әкімшілікке келушілерге ыңғайлы болу үшін ауланы реттеп қоямын.  Адал еңбектің наны тәтті ғой. Әр істің өз қиындығы да бар. Аптап ыстықта аулада өсіп тұрған гүлдерді таңнан келіп суғаруға тура келеді.  Ыстықта күндіз суаруға болмайды. Арамшөбі болса, жұламын. Айналамның көгалданып, ағаштардың жайқалып өскенін қалаймын»,-  дейді.

 Әріптестерінің айтуынша, Айдос Бектуров  өз ісіне тиянақты, ұқыпты. Сонымен қатар, өзге де қоғамдық іс-шараларға араласып, өзіне жүктелген іске жауапкершілікпен қарайтын адал қызметкер.

Кез-келген адал жұмыс құрметке бөлейді. Осы ретте, біз адамның еңбегін, оның ішінде тазалық пен тәртіпті сақтайтын, аула тазалығын —  ауыл тазалығы санайтын  Айдостай  азаматтардың еңбегі қашанда елге қажет, құрметке ие мамандық екенін айтқымыз келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз