Осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдету үшін өңірлерде әкімшілік-аумақтық өзгерістер жасау қажет екенін айтып, өзінің Президент Жарлығымен елімізде үш жаңа облыс құрылғаны белгілі. Солардың бірі біздің Жетісу өңірі Алматы облысынан бөлініп шығып,өз алдына жеке облыс болып қайта түлегені баршамызға аян.
Несіпжамал Баймадиева, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Аналар кеңесінің» төрайымы, «Шапағат» медалінің иегері:
— Бүгін өте қуанышты күн. Жетісу облысының құрылғанына 1 жыл толуына арнап 1 жасқа толып, тәй-тәй басқан сәбилердің тұсаукесу рәсімін атқардық. Облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Әдетте, тұсау кесу рәсімін – бала тез жүріп кетсін деген ниетпен өткізілері анық.
Жер жаннаты Жетісудың бұл қуанышын еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін зор қуанышпен қарсы алып отыр. Балалар біздің болашағымыз. Егіз балақайлар Дария мен Нурияның тұсауын кесу бақыты бұйырды. Балалар-болашғымыз, сондықтан олардың өмірлері жарқын, баянды болсын.