Жаз – керемет уақыт, сіз дәмді көкөністерден, жемістерден, жидектерден ләззат ала аласыз. Піскен тәтті қауындар, шырынды қарбыздар, оларды қашан тұтынуға болады және оларды қалай таңдауға болады? Нитраттардың көп мөлшері ерте піскен көкөністер, жемістер мен жидектерде кездесетінін есте ұстаған жөн. Олардың пісетін кезеңі белгіленгеннен әлдеқайда қысқа болғандықтан, өсімдіктер бойынан барлық тыңайтқыштарды шығарып үлгермейді.
Нитраттар – бұл барлық тірі организмдер мен өнімдерде болатын азот қышқылының тұздары мен эфирлері, өйткені азот олардың белсенді өсуі мен дамуы үшін маңызды компонент болып табылады. Рұқсат етілген концентрацияда нитраттар ағзаға зиянсыз.
Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін қажетті мөлшерден жоғары нитраттардың едәуір дозалары пайдаланылса, онда нормадан жоғары нитраттары бар өнімдерді тұтыну кезінде адам ағзасына зиян келтірілуі мүмкін.
Қазір біз сөрелерде бақша дақылдарының (қарбыз және қауын) сатылып жатқанын көріп жүрміз.
Нитраттар мен пестицидтерді қолданбай қарбыздың табиғи пісуі климаттық жағдайларға байланысты. Негізінен біздің облыста ол тамыз айының басына келеді. Сондықтан қарбызды тамыздан қазан айына дейін тұтынуды ұсынамыз.
Ағымдағы жылы, өткен жылдағыдай, облыста нитраттармен улану жағдайлары тіркелген жоқ.
Дегенмен, өнімді таңдағанда, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін көрсететін барлық тармақтарға назар аударыңыз. Бақша дақылдарын кездейсоқ адамдардан, стихиялық базарлардан, көлік аялдамаларынан, автомобиль жолдарының бойынан, үй аулаларынан сатып алуға болмайды. Әдетте, мұндай «сауда нүктелерінде» өнімдер оның шығу тегі мен сапасын растайтын құжаттарсыз сатылады, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша зертханалық ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізілмейді. Жол бойында сатылатын қарбыздар мен қауындар ауадан токсиндерді оңай сіңіреді және оларда көліктен шыққан газдарында кездесетін ауыр металдардың көп мөлшері жиналады. Сондай-ақ, сатып алу кезінде жемісті кесіп оның пісіп-жетілуіне және дәмін тексермеу керек. Қарбыздың бетінен немесе пышақтан ішіне әртүрлі патогендік бактериялар енуі мүмкін. Оларды таңдағанда, оларға жарықтар, сызаттар, ойықтар, күдікті дақтар болмауына назар аударыңыз. Тұтынар алдында бақша дақылдарын ағынды сумен жақсылап жуу керек. Қарбызды кескен кезде жолақтарына назар аударыңыз, тым қалың ашық сары немесе ақ тамырлар, егер көп мөлшерде болса, нитраттардың нормадан жоғары болуын көрсетуі мүмкін. Егер қарбыз немесе қауын жеуге кесілген болса, онда оны бірнеше сағат ішінде, әсіресе келесі күні сақтауға қалдырмай қолданған дұрыс. Біз қарбыз мен қауынды мамандандырылған сауда орындарынан — дүкен, базар, демалыс күндері жәрмеңкелерде сатып алуды ұсынамыз, онда олардың сатуға, сақтауға жағдайлары, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар.
Тұтынушы сатушыдан сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды (сәйкестік туралы декларацияны, нитраттар мен пестицидтердің құрамына зертханалық зерттеулердің нәтижелерін) сұратуға құқылы.
Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен және аумақтық басқармалары, облыстық Ұлттық сараптама орталығымен бірлесіп, жыл сайын облыс бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде бақша дақылдарын өткізу орындарында тұрғындардың қауіпсіз өнімді таңдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында, тиісінше, жедел ішек инфекцияларының және жұқпалы емес аурулардың алдын алу акциялары өткізіледі.
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары азық-түліктің маусымдылығына, әр көкөніс пен жемістің маусымның белгілі бір кезеңінде пісетін кезеңіне назар аударуға тырысыңыз.
Асхат Чарапиев, Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы





























