Шын жүйрік бәйгеде танылады

161

Журналистер мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы                                               Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы Арын Бақ саласының  30 дан астам қызметкерлерін марапаттады.

-Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

БАҚ – қоғамның айнасы, ел дамуының шежіресін хаттап, халық пен билік арасындағы алтын көпір қызметін атқарып жүрген аса маңызды әрі жауапты сала. Бүгінде Жетісу облысында 43 өңірлік БАҚ табысты жұмыс істеп келеді. Осы салада еселі еңбек етіп, қалам тербеп жүрген барша журналистерге шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздер өңіріміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірін жан-жақты әрі терең көрсетіп келесіздер. Қаламына адал, сөзіне берік, шындықты ту еткен журналистер еңбегі – баға жетпес.

Қаламдарыңыз қарымды, ойларыңыз ұшқыр, еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрбір жазған мақалаңыз бен айтқан сөзіңіз қоғам игілігіне қызмет етіп, ел дамуына зор үлес қоса берсін.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және жаңа белестер тілеймін!. Бұл жетістіктер — барша журналистер үшін үлкен мотивация. Биылғы байқауға қатысатын қалам иелеріне де сәттілік тілеймін!

Өнер мен шығармашылықтың биік шыңына ұмтылған қадамдарыңыз әрдайым сәтті болсын!  — деді.

Осы орайда, «AMANAT» партиясының бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылатын «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық байқауында екі жыл қатарынан «Жетісу» телеарнасының тележүргізушілері мен тілшілері — Гүлжан Қызайбай мен Мөлдір Сапар жеңімпаз атанды.⠀

Сонымен қатар, «Ұлы Дала» байқауындағы «Поэзия» номинациясында өзінің дарынымен және өнерімен дараланған «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұхтар Күмісбек те лайықты бағасын алып жүр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз