200-ге жуық азамат заңгерлік кеңес алды

340

Жетісу облысында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында іс-шара өтті. Аталған акцияның басты мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, заңгерлік кеңес беру. Талдықорған қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында өткен қабылдауды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, «Параграф» ақпараттық жүйесі және Zakon.kz желілік басылымы бірлесіп ұйымдастырған.

Оған аймақтағы құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ үздік заңгерлер мен білікті адвокаттар арнайы шақырылып, жергілікті тұрғындар қатысты. Бұл жолғы онлайн-форматта бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдау да 200-ге жуық азамат тегін заңгерлік кеңес алды. Мамандармен сөйлескеннен кейін өңір тұрғындары өз мәселесін шешуді заңды жолдарын ұғып практикалық мәні зор және жақын арада іске асырылатын шын мәнінде сауатты консультация алғанын жеткізді.

«Осындай акцияларды өткізу болашақта жақсы дәстүрге айналғанын қалаймын. Өйткені, әркімнің кеңес алу үшін адвокатқа жүгінуге немесе бірден бірнеше мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен бір алаң аясында жүздесуге қаржылық мүмкіндігі жоқ», – деді Талдықорған тұрғыны Серік Ибраев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің  Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегеновтың айтуынша, бүгінде бүкіл Қазақстан Республикасында «Халық заңгері» акциясы өткізілуде. Оның  негізгі міндеті – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Іс-шара аясында үздік заңгерлер мен адвокаттар халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетті. Жобаның мақсаты-құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға, әсіресе халықтың осал топтарына, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, студенттерге және тағы басқа да  адамдарға заң шеңберінде   тегін көмек көрсету.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз