ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Жетісу жұртшылығымен кездесті

227
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Талдықорған қаласында Жетісу жұртшылығымен кездесті. Министр салада атқаралып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерді жан-жақты айтып берді. Ақпарат, жастар, дін, инклюзия, азаматтық қоғам, жалпы, елге қажетті мәліметтер сөз болды. Тұрғындар қоғамдағы түйткілді жайттарды көтерді. Диструктивті ағымдармен күрес, медиа контент, жалған ақпараттың алдын алу мәселелеріне байланысты сұрақтар қойылды. Д.Қыдырәлі сауалдарға жауап беріп, министрлікке қатыссыз сұрақтарды әріптестеріне жеткізетінін айтты. Кездесуден соң министр жеке сұрақтары бар азаматтарды қабылдап, мәселелеріне құлақ түрді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз