Алакөлдік шекарашылар қос мерекені атап өтті

324

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында шекара сақшыларына батырлық пен ерліктің үлгісі саналатын тарихи оқиғалар туралы ақпарат беріліп, ардагерлерге деген құрмет ерекше атап өтілді. Сонымен қатар әскери-патриоттық әндер шырқалып, қойылымдар қойылды.
Мерекелік жиын әскери қызметшілердің рухын көтеріп, олардың бойында патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етті.

                                  ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз